Мемлекеттік архив қызметінің мақсаты мемлекеттік қорғауды, мұрағат құжаттарын тұрақты сақтауды, толықтыруды және есепке алуды ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар мұрағат құжаттарын қоғам мен халықтың игілігі үшін пайдалануды ұйымдастыру болып табылады.
Жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
«Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» және «Е-Архив АЖ жұмыс жасау» тақырыбында семинар
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен, Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» және «Е-Архив АЖ жұмыс жасау» тақырыптарында екі күндік өңірлік семинар өтті.
Аталмыш іс-шара барысында өңірлердегі архив ісі саласында семинар тақырыптарына сай жұмыс туындайтын мәселелер талқыланып, әртүрлі тақырыптарда баяндамалар оқылып, мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің мемлекеттік сақтауындағы құжаттардың негізінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» және «Халқы қадірлеген» атты фотоқұжаттық көрмелер таныстырылды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік- құқықтық реттеу басқармасының басшысы – Салтанат Нұртасқызы Тащанова, «IServ» ЖШС жоба менеджері – Дана Ануарбековна Балтабекова, сонымен қатар Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері, өңірлік архивтердің басшылары мен мамандары қатысты.





16 маусымнан бастап Алматы облысы бойынша архивтер жаңа жұмыс уақытына көшеді
«Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ және оның Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Кеген, Қарасай, Қонаев, Талғар, Райымбек, Ұйғыр филиалдарының жұмыс уақыты 8:00-ден басталады.
Жаңа жұмыс уақыты: 8:00-17:30
Түскі үзіліс уақыты: 12:30-14:00
“Сағындым Алматымды”
2023 жылдың 05 қыркүйек күні
Қазақстан Республикасының халық артисі, Қырғызстан Республикасына еңбегін сіңірген артисті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №409 қор құрушысы Алтынбек Қоразбаевтың
75 жасқа толған мерейтойына орай “Сағындым Алматымды” атты көрмесі Алматы музейінде өтті.
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен атап өтілді
Праздничный концерт прошел с утра на площади Абая. Он собрал сотни алматинцев.